Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

      Сізді «Рухани жаңғыру және тәрбие саласының өзекті мәселелері» атты тақырыпта өтетін университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен өтетін кешке шақырамыз.

      Кештің басты мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған басты тұжырымдарды студент жастар арасында кеңінен насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және жастарды тәрбиелеу ісінің өзекті мәселелерін ашып көрсету.

      Кештің қонағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі академик Абжанов Хангелді Махмұдұлы.

Өтетін орны: Төреқұлов көшесі, 71, Қазақстан-Ресей медицина университетінің 1 залы.

Мерзімі: 29.11.2017.

Басталуы сағат:15.00

Ұйымдастырушы: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Байланыс тел: 87013557447 Электронды мекен-жай: gul.aidana@mail.ru