+7 (727) 250-47-67

DEPARTMENT OF PUBLIC HEALTH WITH THE COURSE OF GENERAL HYGIENE AND ENVIRONMENT OF NUO “KAZROSMEDUNIVERSITET”

Главная DEPARTMENT OF PUBLIC HEALTH WITH THE COURSE OF GENERAL HYGIENE AND ENVIRONMENT OF NUO "KAZROSMEDUNIVERSITET"

Sorry, this entry is only available in Казахский and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in one of the available alternative languages. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

КАФЕДРА ЖАЙЫНДА

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы жалпы гигиена және эпидемиология курсымен алғаш рет 2017 жылы екі кафедраның: денсаулық сақтауды басқару Саясаты кафедрасы және гигиена және эпидемиология кафедрасы бірігуінен ұйымдастырылды. Кафедраны м.ғ.д., профессор Джайнакбаев Н.Т басқарады.

Кафедра келесі пәндер бойынша студеттерді дайындайды: «Жалпы гигиена», «Эпидемиология», «Дәлелді медицинаның негіздері», «Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Биостатистика», «Маркетинг және менеджмент негіздері», «Медицина тарихы», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері», «Денсаулық сақтаудағы маркетинг негіздері», «Медицина тарихы және қоғамдық денсаулық сақтау», «Биостатистикаға кіріспе», «Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру негіздері», «Мейірбикелік істегі менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы статистика», «Ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері», «Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы», «Құқықтың негізі», «Экономикалық теорияның негіздері», «Экология және тұрақты даму» және басқалар.

Кафедра қалыптасу және даму жылдары университеттің ірі оқу-әдістемелік және ғылыми – білім беру, 24 пәнді қосып алған, халықтың денсаулығын нығайту және мемлекеттік қорғану саясаты саласында біріктірілген пәндердің тәжірибелік дағдыларын және ғылыми бағдарламаларды интеграциялау негізіндегі бөліміне айналды.

Кафедраның дамуы, оқу процессінің жетілдірілуі оқшауланбай істелінді, ол қайталауды ең төменге дейін жіткізіуге мүмкіндік беретін және білім берудің жүйелігін жақсартатын пәндер арасындағы интеграция және оқытудың бірізділігімен жасалды. Кафедрада пәндерді оқыту білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес дайындалған бағдарлама бойынша жүргізіледі (ББМББС 2004, 2006, 2008 ж., 2011, 2017ж.). Пәндер бойынша дәрістер кесте бойынша оқылады. Тәжірибелік сабақтар әдеттегідей аудиториялық және өздігінен аудиториядан тыс сабақтар түрінде жүргізіледі. Тәжірибелік курстың өткізілу процесінде білімнің тесттік бақылауы жүргізіледі, жағдайлық есептер шешіледі, денсаулық сақтау мекемелерінің

және қызмет көрсету органдарының, денсаулық жағдайын бағалау және талдау бойынша курстық тапсырмалар орындалады. Пәндер бойынша оқыту мүмкіндігі арнайы элективтерде және өздігінен дайындықтың аудиториядан тыс сабақтарында өткізу есебінен кеңейтілген. Оқытудың тиімділігін жоғарылату мақсатында оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Оқытудың негізгі әдістеріне жатқызылады: іскерлік ойындар, имитациялық міндеттер, медициналық кәсіпорындардың экономикалық қызметінің нақты жағдайларын талдау, осы және басқа мәселелерді шешу кезінде «милық шабуыл» әдістері; «дөңгелек үстел» жанындағы кездесулер; жеке және ұжымдық практикумдар; медициналық құжаттармен жұмыс, курстық жұмыстарды, рефераттарды дайындау.

Кафедрада білімді бақылаудың әртүрлі түрлері (кіріспе, аралық, қорытынды) электрондық, қағаздық тасымалдағыштармен кең қолданылады. Осы үшін әртүрлі күрделі деңгейдегі тесттердайындалды. Оқыту процессіне компьютерлі технологиялар, диплом алуға дейінгі, диплом алғаннан кейінгі кезеңдегі оқытудың әртүрлі заманауи әдістері енгізілді.

Кафедра қазіргі кезде бакалавриатта, резидентурада студенттерді дайындайды және қосымша білім беруді жүргізеді – яғни, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта дайындауды.

2018 жылы МЕББМ «Қазақстан – Ресей медициналық университеті» екі мамандық бойынша: 6М110100 – медицина және 6М110200 – салалық және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудың магистратурасында кадрларды дайындауға лицензия алды.

Университет үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау қажеттігіне байланысты әкімшіліктен 218-219 оқу жылына 11 жоғарғы оқу орны ішілік грант бөлінді.

Мақсаты:

> Теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игерген, дәрігер-мамандарды дайындауға бағытталған, сапалы білім беру процесімен қамтамасыз ету.

Ғылыми және халықаралық қызмет

Университетте халықаралық ынтымақтастық мақсатымен Франция, Туркия, Ресей, Беларусь Республикасының жоғарғы оқу орындарымен меморандумдар, келісімдер жасалды.

Кафедра факультет студенттері ғылыми-зерттеулік қызметін ынталандырады және қолдайды. СҒЗЖ оқытудың міндетті құрамдық бөлігі болып табылады және ол кафедраның ғылыми және оқу – тәрбие жұмыстары жоспарына кіргізілген. Кафедраның барлық ПОҚ ғылыми – зерттеу қызметіне жетекшілік етеді.

Ғылыми әдіснамалық негіздері студенттерге кафедраға бекітілген дәлелді медицина тарапынан қайта қаралған биостатистика, эпидемиология сияқты базалық пәндерді зерттеу кезінде, оқытудың бірінші курсынан бастап игеріледі. Кафедрада «Ғылыми-зерттеу қызметі негіздері», «Қоршаған

ортаны зерттеу негіздері» элективті пәндері ұйымдастырылды және табысты жүзеге асырылуда.

Қазірге кезде қоғамдық денсаулық сақтау жалпы гигиена және эпидемиология курсымен кафедрасының қызметкерлері «Орта буынды қызметкерлерді дайындау процесін жетілдіруге ғылыми-негізделген қадамдар» және «ҚР өңірлері халқына жылжымалы медициналық кешендерді (ФАП) қолдана отырып алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбына жоғарғы оқу орны ішілік ҒЗЖ зерттеулерін орындауға қатысуда. Көрсетілген ҒЗЖ аясында жоспарланған магистрлік диссертациялар бойынша зерттеулер атқарылады.

Академиялық мобилділік аясында республиканың және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен байланысты орнату бойынша жұмыстар жалғасуда.

КАФЕДРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

1. Джайнакбаев Н.Т. – кафедра меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы

2. Оракбай Л.Ж. – кафедра меңгерушісінің м.а., медицина ғылымдарының докторы, доцент

3. Тинасилов М.Д. – профессор, экономика ғылымдарының докторы

4. Ахметова Р.Л. – доценттің м.а., медицина ғылымдарының кандидаты

5. Рахметова К.У. – доцент, медицина ғылымдарының кандидаты

6. Адилханова А.Н. – аға оқытушы, PhD

7. Ашуева Н.И. – аға оқытушы, медицина ғылымдарының кандидаты

8. Анамбаев И.А. – аға оқытушы, медицина ғылымдарының кандидаты

9. Бектурсынова К.Ж. – аға оқытушы

10. Алманиязова К.Н. – аға оқытушы

11. Строева А.А. – аға оқытушы

12. Хамзина Р.Х. – аға оқытушы

13. Кияшова М.Д. – аға оқытушы

14. Жармедетов Т.М. – оқытушы

15. Нургазина А.К.- оқытушы

16. Махашов М.Ы. – оқытушы.

Әлеуметтік – тәрбиелік жұмысы.

Студенттердің тәрбиелік жұмыстары жоспарына студенттердің тәрбиелік жұмыстары бойынша әртүрлі шаралар кіргізілген, оның ішінде жастар арасында өзіне-өзі қол салуды алдын алу бойынша бағдарланған.білім алушыларды психологиялы қолдау міндеттеріне сәйкес «Маған өмір қымбат», «Студенттер үшін дайындық», «Менің бірінші сессиям» семинар-тренингтері өткізіледі.

Кафедрада барлық топтарға студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейтін тәлімгерлер бекітілген, тәлімгерлік сағаттар, жатақханада кезекшілік жүргізіледі. Факультетте жоғарғы оқу орны ішілік грант есебіне 4 курстың мүгедек-студенті оқиды.

Студенттердің кәсіби дайындық деңгейін жақсартумен мәдени, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттілігін қанағаттандыру және

өзінің шығармашылық потенциалын толық ашу үшін жағдай жасау мақсатында факультеттің 4 курс студенті элективті пәндерді таңдау, оқыту аумағын анықтау, білім беру бағдарламаларын талқылауға қатысатын білім беру бағдарламалары Комитеті құрамына кірді.

Кафедра мақтанышы.

Джайнакбаев Н.Т.- м.ғ.д., професор, кафедраның дамуына ғалым әрі педагог ретінде өзінің үлкен үлесін қосты.

Профессор Джайнакбаев Н.Т. өзін медицинаға және қоғамдық денсаулық сақтауға арнады. Осы жылдарға дейін көптеген шәкірттер дайындады, олардың көпшілігі қазіргі кезде еліміздің түпкір түпкірінде жұмыс істеуде. Көптеген ғылыми мақалалар, монографиялар, оқулықтар баспадан шықты. Қазіргі таңда Қазақстан Ресей Медициналық университетін басқаруда.

2015ж. 1 шілдеде МЕББМ «Қазақстан-Ресей медициналық университетінің» ректоры Джайнакбаев Н.Т. жылжымалы медициналық кешендерді дамыту саласындағы жетістіктері үшін сапа стандартының Швейцария институтының сапа сертификатымен «InternationalQualitiSertificate» (SIQS) марапатталды.

Кафедраның жабдықталуы.

Қазіргі кезде оқу процесін қамтамасыз ету мақсатымен кафедра жаңа оқу корпусының 5 қабатында орналасқан, тәжірибелік және семинарлық сабақтарды жүргізу үшін 7 оқу бөлмесі бар, оның екеуінде ғаламтоға қосылу мүмкіндігі бар. Университетте дәрістік сабақтарды жүргізу үшін мультимедийлік техникалық құралдармен жабдықталған ЖОО дәрістік залдар бар.

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню