+7 (727) 250-47-67

«Қазақстандағы Президент институтының құрылуы мен даму ерекшелігі» атты патриотты-тәрбиелік, мерекелік іс-шара

Главная Новости «Қазақстандағы Президент институтының құрылуы мен даму ерекшелігі» атты патриотты-тәрбиелік, мерекелік іс-шара

«Қазақстандағы Президент институтының құрылуы мен даму ерекшелігі» атты патриотты-тәрбиелік, мерекелік іс-шара

1-желтоқсан Республикамызда 2012 жылдан бері Қазақастан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып күнтізбеде қызыл түспен  белгіленіп, күллі Ел аумағында аталып келе жатыр. Биыл осы күнге орай университетіміздің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, доцент, саяси ғылымдардың кандидаты Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы мен кафедра меңгерушісі Шуланбекова Гүлжанар Құралбекқызының ұйымдастыруымен ірі көлемдегі «Қазақстандағы Президент институтының құрылуы мен даму ерекшелігі» атты патриотты-тәрбиелік, мерекелік іс-шара ерекше форматта өткізілді.

Шара студенттеріміздің танымдық-ақпараттық презентациясымен еркешеленді және студенттер Президент институтының құрылуы мен дамуы, қызметі туралы көптеген ақпарат алды.

Студенттер Президентіміздің туып-өскен Қарасай аудандық өлкетану мұражайына барып, сол жерде жасаған видео — экскурсиясы арқылы мұражаймен таныстырды. Видеороликті https://youtu.be/-2lUmim_Esg сайтынан  толық нұсқасын көре аласыздар.

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню