+7 (727) 250-47-67

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру мен талқылау

Главная Новости Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру мен талқылау


2018 жылдың 10 қазан күні Қазақстан-Ресей медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Омарғазы Ерғали Ерғазыұлының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» мамандығының 203А, Б қазақ топтарымен ҚР Президентінің 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру мен талқылау бойынша ашық сабағы өткізілді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Шуланбекова Гүлжанар Құралбекқызы және кафедра оқытушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор Балгозина Раушан Орынбаевна, Құндызбай Диана Қуаңтайқызы, Оразхан Тайыржан Оразханұлы, Сумесинов Асхат, Бакижанова Әсем, Байгубекова Арай қатысты.

Сабақты Ерғали Ерғазыұлы Жолдауға жалпы сипаттама беру арқылы бастады. Сөз кезегін Жолдаудың маңызы мен жолдау тарихы туралы айтқан Қали Тоғжан және Хайруллина Сәрвия 203 А тобының студенттері жалғастырды.

Жолдауды медициналық жағынан талдаған Дарибаев Еркебұлан, Балнұр, Мамбетова Анар Жолдау бойынша Астана қаласында жаңа онкологиялық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

Сағиев Бақытжан, Мұхтар Асел Жолдауда қозғалған медициналық сақтандыру тақырыбында өз ойларын білдірді. Қилыбай Еркежан, Тобажанов Заманбек, Алкенов Нұрсұлтан цифрлық медицинаның жақсы жақтарын талдап өтті.

Сабақты қорытындылау үшін Бауыржанқызы Марал, Төленов Әлмұрат, Айдана, Әлия өз ойларын ашық білдірді.

Сабақ соңында кафедра меңгерушісі Шуланбекова Гүлжанар Құралбекқызы сөз алып, Елбасы Жолдауларының маңызы мен мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіндегі рөлін баса көрсетіп өтті.

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню