+7 (727) 250-47-67

(Казахский) «WE SPEAK ENGLISH» олимпиадасы

Главная Новости (Казахский) «WE SPEAK ENGLISH» олимпиадасы

 сәуір айында 1 курс студенттері арасында университет аралық «WE SPEAK ENGLISH» атты олимпиада өтті.

Олимпиадаға Қазақстан-Ресей медициналық университеті, ҚазМемҚызПУ, АТУ, Абай атындағы КазҰПУ, АУЭС, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері қатысты.

Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды:

І кезең «Эссе» жазу

ІІ кезең «Speaking»

ІІІ кезең «Translating»

Олимпиаданың І және ІІ кезеңінде іріктеуден өткен студенттер ІІІ кезеңге жолдама алды.

ІІІ кезең қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қазақстан-Ресей медициналық университеті «Стоматология» факультетінің 1 курс студенті Бахтыбаев Алишер иеленді.

ІІ орын иегерлері ҚРМУ «Стоматология» факультетінің 1 курс студенті Гречкин Евгений және ҚазМемҚызПУ-дың «Шетел тілі: екі шетел тілі» факультетінің 2 курс студенті Арусова Жанель.

ІІІ жүлделі орынды  ҚРМУ «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенті Сложеникин Никита және ҚазМемҚызПУ-дың «Шетел тілі: екі шетел тілі» факультетінің 2 курс студенті Нұрмаш Райхан еншіледі.

Жүлделі І, ІІ, ІІІ, орынды иеленген студенттерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Қалған барлық студенттер белсенділік танытқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню