+7 (727) 279-69-54

Университеттің «ГИППОКРАТ» командасы X Республикалық студенттік олимпиадада жүлделі III-орынды иеленді

Главная Новости Университеттің «ГИППОКРАТ» командасы X Республикалық студенттік олимпиадада жүлделі III-орынды иеленді

Университеттің «ГИППОКРАТ» командасы
X Республикалық студенттік олимпиадада жүлделі III-орынды иеленді

28-29 наурыз 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде дәстүрлі X Республикалық студенттік олимпиада болып өтті. Мерейтойлық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 60-қа жуық команда философия, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, психология, педагогика және дінтану пәндері бойынша білім додасына түсіп, бақ сынады.

Аталған шараға Қазақстан-Ресей медициналық университетінің атынан Философия пәні бойынша Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Оразхан Таиржан Оразханұлының жетекшілігімен «Жалпы медицина» және «Стоматология» факультеттерінің 1-2 курс студенттерінің ГИППОКРАТ командасы қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі III-орынды иеленді.

Команда капитаны «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенті Мыңжасарова Жанерке пәндік олимпиадаға қатысушылар арасынан топ жарып, атап айтқанда, алғашқы тур – топтық таныстыру кезінде өзінің Көне Грециядағы медицинаның пайда болуы, оның сол кездегі миф пен діни түсініктерге негізделген танымнан айырмашылығын сахналаған көріністе, ауру және оларды емдеу жолдары туралы ғылыми-философиялық көзқарастың қалыптасуын мәнді де мәнерлі етіп баяндап, «Заманауи отандық философтардың портреттері» аталатын шешуші үшінші турда отандық философ Бекет Нұржановтың өмірі мен шығармашылығы, ұстаздық һәм философ болмысының мәнін ашуда көрсеткен білімі мен сөйлеу шеберлігі үшін «ҮЗДІК ОРАТОР» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

Команда мүшелері «Жалпы медицина» факультетінің 2-курс студенттері Әметова Наргиз, Тұрсынбекова Нұржайна және Кенжебаева Ақбота, «Стоматология» мамандығының 2-курс студенттері Суйнуллаев Абай мен Жұмағазиева Рабиға, сондай-ақ, «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенті Дәлелхан Айбек те барша ғылым атаулының атасы, әрі олардың методологиялық негізі болып табылатын және де медицина ғылымына ең жақын даналық ілім – Философияға байланысты өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню