+7 (727) 250-47-67

Мамай Мадина

Главная Отзывы Мамай Мадина

 

Мен , Мамай Мәдина Бақытқызы!

Қазақ-Ресей университетінің , 1 курс , фармация факультетінің студентімін!

Мен дәл осы университетке түскеніме еш өкінбеймін! Бұл жерден жаңа достар, жаңа таныстар, жаңа мұғалімдер , ең бастысы сенімді отбасымды жолықтырдым! Оқу барысында қиыншылықты да , қуанышты да көрдім. Кейде , түнімен ұйықтамай , сабаққа дайындалған сәттерім де болды! Бірақ дәл осы университеттің арқасында, медицина саласы — менің болашақ өмірім екенін түсіндім!

Біздің университетте болашақ дәрігерлер үшін пайдалы және маңызды нәрселерді үйренуге болады, бұл жерде физиология,анатомия, ботаника сияқты мамандығыма өте қажетті пәндерді жетік меңгеруге болады. Студенттер мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас өте сенімді , әрі ашық. Сабақтан басқа белсенді студенттік өмір бар. Біздің университетімізде KAZMSА, Еріктілер лигасы, КДМ және Массовики сияқты ұйымдар бар, онда талантты және ақылды студенттер жиналады.

Мен университетімді жақсы көремін және саған да ұнайтынына сенемін !!!

Казахстанско-Российский Медицинский Университет

Меню