Құрметті талапкерлер!
Қазақстан-Ресей Медицина Университетіне оқуға түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Оқуға қабылдау туралы өтініш
- Жеке куәлік
- Орта білім туралы куәлік
- ҰБТ немесе КТ сертификаты
- 3х4 см мөлшеріндегі 8 фотосурет.
- Флюросуреті бар № 086 нысанындағы медициналық анықтама
- № 063 егу анықтамасы
- Тіркеу куәлігі (ер балаларға)
- Психометрикалық тест анықтамасы
Психометрикалық тестке өтініштерді 20.06 нен 07.07 дейін, ал тест 08.07 нен 13.07 дейін.
Ақылы негіздегі оқуға өтініштерді қабылдау: 17.06 нен 25.08дейін
Білім беру грантын тағайындау жөніндегі комиссияға құжаттарды тапсыру: 13.07 нен 20.07 дейін.
Келісім-шарттық негізде немесе Мемлекеттік білім гранты бойынша ҰБТ/КТ сертификат негізінде қабылдау 5.08. – 25.08.
Психометрикалық тесті 20.08 нен 25.08 күндері, сағат 10:00 немесе 15:00 тапсыра аласыз.
КТ қайта тапсыру мерзімдері: Өтініштерді қабылдау 25.07-нен 03.08 дейін; Тестілеу 15.08 нен 20.08 дейін.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша жүзеге асырылады. ҚРМУ қабылдаудың осы Ережелері 2012 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген №111 қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленген. Білім беру грантын тағайындау сұрақтары бойынша – ҚР Үкіметімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №58 мемлекеттік білім беру грантын тағайындау ережесі. Қабылдай ережелерімен реттелмеген сұрақтар, ҚРМУ Медицина колледжінің қабылдау комиссиясы жеке тәртіппен шешіледі.