Факультет туралы. Қазақстан-Ресей медицина университетінде 2002 жылдың 1 қыркүйегінде АА № 0000103 мемлекеттік лицензиясына сәйкес ректордың 2002 жылы 18 шілдедегі №78 бұйрығына сәйкес фармацевтика факультеті ұйымдастырылды, ол Республиканың тәжірибелік фармацияның қажеттіліктеріне сүйене отырып, жоғары фармацевтикалық білімі бар кадрларды үздіксіз мақсатты даярлауды қамтамасыз етуге тиіс болды. Студенттерді оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, оқыту – күндізгі. 03.09.2018 ж. №204 бұйрығымен оқу-әдістемелік үдерісті мақсатты ұйымдастыру үшін кафедраларды оңтайландыруға байланысты және ғылыми кеңестің 2018 жылғы 28 тамыздағы шешімі негізінде (№1 хаттама) факультет құрылымы өзгертілді және “Фармация, Қоғамдық денсаулық сақтау, Медициналық-профилактикалық іс және Мейірбике ісі” факультеті құрылды.”
ДЕКАН:
Киекбаева Лашын Нұртасқызы, қазақ, 1979 жылы туған. 1995 жылы Көксу ауыл шаруашылық колледжіне, экономика факультетіне түсіп, 1998 жылы “экономист”мамандығы бойынша бітірген. 1998-2002 жылдары Қазақ ұлттық университетінде оқыды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Биология”мамандығы бойынша бакалаврдың академиялық дәрежесін бере отырып, оқуын аяқтады. 2002 жылы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасына түсті. “Биотехнология” мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биотехнология саласында “ферменттер мен ақуыздың белсенділігіне технологиялық факторлардың әсерін зерттеу” тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстарын орындады және 2004 жылы магистр академиялық дәрежесін бере отырып, магистрлік диссертацияны үздік қорғады.
Л. Н. Киекбаева 2014-2017 жж С. Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ-дың PhD-докторантурасында фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінде 6D074800 – “фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығы бойынша оқуын жалғасытырды.
Докторантурада оқу барысында Л. Н. Киекбаева фармацияны дамыту және GMP ережелерін енгізу бойынша алыс және жақын шетелдердің бірқатар мамандарының дәрістері мен мастер-кластарына қатысты. Л. Н. Киекбаеваның диссертациялық зерттеулері қазақстандық перспективті дәрілік өсімдіктердің фитохимиялық құрамын зерттеудің өзекті мәселелеріне, отандық өсімдік шикізатынан жаңа тиімді дәрілік заттардың технологиясын құруға арналған.
Л. Н. Киекбаеваның ғылыми зерттеуі С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰУ “дәрі-дәрмек технологиясы және инженерлік пәндер” базасында, физика-химиялық әдістер мен талдаулар орталығында, сондай-ақ, АҚШ-тың National Center for Natural Products Research (NCNPR) зерттеу орталығында, Institute of Pharmaceutical Sciences, School of Pharmacy, Ole Miss, (USA) және Қытайда Синьзянь Медицина Университетінде орындалды .
Зерттеу нәтижелері АҚШ, Ресей, Қазақстан, Қытай, Польша және т.б. елдердегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Диссертация тақырыбы бойынша 30-дан астам жұмыс, оның ішінде Web of Science және Scopus деректер базасына кіретін халықаралық журналдарда және ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдарда жарияланды.
Байланыс телефоны: 87024271808
E-mail: [email protected]