Қазақстан-Ресей медициналық университеті Халықаралық байланыстар мен іскерлік әріптестікті дамыту мен нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да, халықаралық деңгейде де Университеттің беделін арттыруға үлкен көңіл бөледі.
Бұл бағытта біз:
- оқудан, жазғы практикалар мен тағылымдамалардан өту үшін студенттер және оқытушылармен алмасу;
- Университетте дәріс оқуға шетелдік оқытушыларды шақыру;
- бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;
- бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүргізу, жүзеге асырылатын жобалар шеңберінде ғылыми әдебиеттермен алмасу;
- конференцияларға қатысу, тезистер мен баяндамаларды жариялау және т. б.
Университет келесі медициналық жоғары оқу орындары және мекемелермен түрлі салаларда ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойып, байланыс орнатты:
Байланыс мәліметтері:
Қазақстан, Алматы, Абылай хан, 51/53
Тел.: +7 727 250 67 82
Академиялық ұтқырлық– жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттерінің, мемлекет ішінде немесе шет елдерде оқуы, ғылыми орталықтарда белгілі мерзімде білім алуы мен білім беру мақсатында жіберілуі. Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты: білім деңгейін жоғарылату. Сонымен қатар, студенттерді жаңа өмірге және халықаралық ақпараттық қоғамдағы жұмысқа дайындау , әртүрлі дәстүр мен түрлі халықтардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
Академиялық ұтқырлық – университетіміздің ішкі және сыртқы байланыстарын жақсарту, оқу орнының имиджін нығайту бойынша КРМУ-дің ең маңызды халықаралық бағыты.
Қазақстан-Ресей Медициналық Университетінің студенттері,ұстаздары және жұмысшылары басқа оқу орнында, академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға мүмкіндігі бар (мемлекет ішінде немесе шет елдерде ).
Академиялық ұтқырлық:
- Ой өрісті кеңейту
- Бірнеше жоғары оқу орындарында бірегей оқыту тәжірибесі
- Басқа мемлекеттерде білім алу мүмкіндігі
- Жаңа танысулар және ұмытылмас әсерлер
Университетте ішкі (мемлекетіміздің жоғары оқу орындарында) және сыртқы (шет елдердің жоғары оқу орындарында) академиялық ұтқырлық жүйелері іске асырылады. Қазақстан-Ресей медициналық университеті, Халықаралық байланыстар мен іскерлік әріптестікті дамыту мен нығайтуға, сондай-ақ, халықаралық деңгейде университеттің беделін арттыруға үлкен көңіл бөледі.
Бұл бағытта біз:
- оқу, жазғы практикалар мен тағылымдамалардан өту үшін студенттер мен оқытушылармен алмасу;
- университетте дәріс оқуға шетелдік оқытушыларды шақыру;
- бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;
- бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүргізу, жүзеге асырылатын жобалар шеңберінде ғылыми әдебиеттермен алмасу;
- конференцияларға қатысу, тезистер мен баяндамаларды жариялау және т. б. жұмыстарды жүргіземіз.
Университет келесі медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелер арасында түрлі салаларда ынтымақтастық туралы,екі жақты келісімге қол қойды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру 2014-2015 оқу жылында басталды. Есеп жүргізу кезеңінде, бағдарлама бойынша 72 студент қатысып,оның ішінде шығыс ұтқырлығы бойынша – 40 студент, ал кіріс – 32 студент.
Шетелдік серіктестер тізімі:
- Академик И.П. Павлов атындағы Санк-Петербург мемлекеттік медицина университеті
- Омбы мемлекеттік медицина университеті.
- Пятигорск фармацевтикалық медицина институты директорының басшылығындағы Волгоград мемлекеттік медицина университеті
- Алтай мемлекеттік медицина университеті.
- Башқұрт мемлекеттік медицина университеті.
- М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті
- Сібір мемлекеттік медицина университеті.
- Ижев мемлекеттік медициналық академиясы
- Дағыстан мемлекеттік медициналық академиясы
- Орал мемлекеттік медицина университеті.
- Санк-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті.
- Новосибирск мемлекеттік медицина университеті.
- Балтық Халықаралық академиясы
- Қырғыз-Ресей славян Университеті- Қырғыз мемлекеті- Бішкек
- Беларусь мемлекеттік медицина университеті. Беларусь Республикасы-Минск
- Алтай мемлекеттік медицина университеті – Ресей Федерациясы – Барнаул
- Башқұрт мемлекеттік медицина университеті.
- Ижев мемлекеттік медициналық академиясы
- Халықтар Достығы орденіне ие болған Витебск мемлекеттік медицина университеті-Беларусь Республикасы-Витебск
- Дагестан мемлекеттік медицина университеті – Ресей Федерациясы – Махачк
- Ташкент фармацевтикалық институты.
- Гродно мемлекеттік медицина университеті.
- ОШ Мемлекеттік Университеті – Республика Ош
- Бұхара мемлекеттік медицина институты емес. Абу Әли ибн Сино – Өзбекстан Республикасы-Бухара
- “АС” Institute of international education
- Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институты-Өзбекстан Республикасы-Ташкент
- Ташкент педиатриялық медициналық институты
- Бинали Йылдырыма атындағы Эрзинджан университеті -Түрік Республикасы-Эрзинджан
- Қ. Ахунбаева атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы .
Қандай мамандықтар бойынша баруға болады?
- Барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша
Қанша уақытқа?
- Егер практика болса, онда 2 аптадан 1 айға дейін
- Егер тағылымдама болса, онда 2 аптадан ұзақ мерзімге дейін
- Егер алмасу болса, онда семестрге немесе толық оқу жылына
Осы уақыт аралығында неше студент жіберілді?
- 110-ден астам студент
- Қабылдау және орнықтыру
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін сізге қажет құжаттар тізімі:
- Ректордың атына өтініш жазу;
- Өз факультетінің деканының ұсыным хатын ұсыну;
- Үлгерімінің орташа балы (GPA) көрсетілген орыс және ағылшын тілдеріндегі транскрипт
- Шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын Сертификат (IELTS/TOEFL) – серіктес ЖОО талабы бойынша;
- CV (түйіндеме) орыс/ағылшын тілінде;
- 6 фотосурет 3/4
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Паспорттың көшірмесі;
- Шетелге шығу үшін, белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (серіктес-ЖОО талабы бойынша)
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін:
- Ағылшын тілін Upper-Intermediate / Advanced деңгейінде білу;
- GPA деңгейі (үлгерімнің орташа балы) – 3,0 төмен емес
Біздің байланыс:
- тел 250 67 82
- почта [email protected]